«Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ-ның атауын өзгерту жоспарланып отыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тиісті заң жобасын жария талқылау үшін ұсынды.
Заң жобасының түсіндірме жазбасында қаулы жобасы ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының ҚР Президентінің Телерадиокешенін жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында әзірленгені хабарланды. Атап айтқанда, ол «Қазақпарат» ХАА желілік басылымын «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» КЕАҚ-ға беру болып табылады.
«Осыған байланысты «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамын «Qazcontent» акционерлік қоғамы деп атауын өзгерту қажет», — деп түсіндірді АҚДМ.
Қаулы жобасын жария талқылау 2022 жылдың 18 ақпанына дейін жалғасады.