«Қазақмыс» көмір кенішінде екі адам қаза тапты

«Қазақмыс» көмір кенішінде екі адам қаза тапты, тағы үш адам ауруханаға жатқызылды.

Хабарланғандай, Қарағанды облысында «Қазақмысқа» тиесілі «Молодёжный» көмір кенішінде БелАЗ бес адам отырған УАЗ автокөлігімен соқтығысты.

Қарағанды облысы ПД-ның мәліметі бойынша, қайғылы жағдай 28 тамызда орын алған. БелАЗ жүк көлігінің жүргізушісі көлік тұрағында тұрған көлікке соқтығысқан, онда кеніш қызметкерлері отырған.

«Соқтығысу салдарынан УАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды, көліктің тағы үш жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді», — деп хабарлады полициядағылар.

Аталған дерек бойынша еңбекті қорғау ережелерін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір оқиғаның себебін анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Добавить комментарий