ТЖД мәліметінше, «Қазақфильм» аумағында алаңы 500 шаршы метр цех жанып жатыр. Сондай-ақ, екі қабатты әкімшілік ғимарат отпен оранған. Бұл ошақтың аумағы — 200 шаршы метр.
Өрт туралы хабарлама тамыздың 14-і күні сағат 21: 33-те күзетшіден келіп түсті. Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Әл-Фараби даңғылы 176 үй мекенжайы бойынша оқиға орнында жұмыс істеді.
Куәгерлердің айтуынша, декорациялар жанып жатыр.
Оттың таралу қаупі жоқ. Зардап шеккендерге қатысты ақпарат түскен жоқ. Өртті жоюға ТЖД-нен 53 адам және 16 техника және полиция департаменті мен өзара әрекеттесу қызметтері жұмылдырылған