Автокөлік жүргізушілері бұған дейін де өздері жасамаған құқықбұзушылықтар үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болғанына шағымданған, бірақ соңғы жағдай мемлекеттік органдардың міндеттерін атқаратын жеке ұйымның өз ісіне салғырт қарайтынын көрсетеді.
Алматыда «Сергек» камералары арқылы автобус жолағымен жүрген автобус жүргізушілеріне жалпы сомасы 300 млн теңге айыппұл салды.
Алматы қаласының прокуратурасы «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің оқшауланған жолағы бойымен маршруттық автобустардың қозғалысы үшін тасымалдаушыларды әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тарту фактілерін анықтады.
Мұның бәрі автобустардың қоғамдық жолақпен жүруіне рұқсатты жоғарыда аталған жүйеге уақтылы енгізбеуіне байланысты болды. Нәтижесінде, 21 автобус паркіне заңсыз түрде 28 мыңнан астам ұйғарым жазылып, 300 млн.теңгеге жуық айыппұл салынды, — деп хабарлады қалалық прокуратурада.
Прокуратураның ұсынысы бойынша заңсыз шешімдер жойылып, әкімшілік іс жүргізу тоқтатылды.