Австрияда вакцинаның 4-ші дозасын салу жоспарланып отыр

Австрияда коронавирустық инфекцияға қарсы препараттың төртінші дозасымен ревакцинация жүргізу жоспарлануда.

Вакцинациялау жөніндегі ұлттық кеңес медициналық және басқа да маңызды саланың қызметкерлеріне ревакцинация жасату мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл екпенің төртінші дозасы болады.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, ревакцинацияны COVID-19-дың «омикрон-штамы» өршуіне байланысты жасатпақшы.

Дегенмен, ғалымдар кезекті вакцинацияны ұсыну үшін қолдарында жеткілікті деректер жоқ.

Төртінші екпені кеңінен қолдануды ұсынуға ғылыми деректер жеткіліксіз.

«Омикронның» жаңа толқынына байланысты төртінші вакцинация қаупі жоғары аймақтарда, мәселен, індетке шалдыққан медицина қызметкерлеріне ұсынылады.

27 желтоқсаннан бастап жаңа штаммның таралуын бәсеңдету үшін елде карантин шаралары күшейтіледі. Қараша айында үкімет барлық тұрғындарға вакцинацияны міндетті түрде жүргізетінін жариялады.

Добавить комментарий