Австралиялық ғалымдар: «Вакцина 2021 жылы коронавирусты тоқтата алмайды»

Аустралиядағы денсаулық сақтау және медицина ғылымдары академиясы (AAHMS) вакцинаның көмегімен 2021 жылы коронавирус пандемиясын еңсеру мүмкін болмайды деп санайды. Бұл туралы MedicalXpress хабарламасында айтылған.

Жаппай вакциналау көп уақытты алады, сондықтан COVID-19-дың таралуын тежеу бойынша басқа да шараларға жүгіну қажет.

Жарияланған есепте инфекцияның таралуына қарсы шаралар бойынша одан арғы іс-қимылдар баяндалған. Вакциналар 90 пайыздық тиімділікті көрсетсе де, оларды өндіру, тасымалдау және қолдану зор күш-жігер мен шығындарды талап етеді және халықтың басым бөлігіне вакциналауды аяқтау келесі жылдың соңына қарай ғана мүмкін болады.

Сондықтан ғалымдар тұтас кешенді шараларды қатаң сақтауды жалғастыру қажет деп санайды. Олардың қатарына жалпыға бірдей тестілеу, өзін-өзі оқшаулау, карантин, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, бетперде тағып жүру, сондай-ақ ем алу және дұрыс ұйымдастырылған вакцинация кіреді.

Добавить комментарий