Қазақстанда соңғы бес жылда ауыл шаруашылығын субсидиялауға T2 трлн бөлінді. Бірақ оның ешқандай нәтиже жоқ. Ақша жоқ болыпкетті.
Бұл туралы бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтты.
«Ауыл шаруашылығын субсидиялау туралы. Соңғы бес жылда бұл мақсатқа 2 триллионнан астам теңге бөлінді. Нәтижесінде не көріп отырмыз? Бюджет қаражаты лезде жоқ болады, олардың жұмсалуы бойынша бірыңғай бақылау қойылмаған. Нақты экономикалық пайда да жоқ», — деп атап өтті Президент.
Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне прокуратурамен және басқа да органдармен бірлесе отырып, осы салаға кешенді талдау жүргізуді тапсырғанын және бұл мәселеге жұртшылық пен аграрийлерді тарту қажет екенін айтты.
«Өте маңызды мәселе — барлық процестерді бір ақпараттық жүйесіне біріктіру. Оңтайландырылған үдерістер мен жаңа технологиялар — міне, тиімді трансформация. АШМ жанынан осындай жеке топ құруды тапсырамын», — деді Тоқаев.
Бүгін Екібастұзда өткен кеңес барысында Тоқаев үкімет пен әкімдіктерге моноқалаларды топтарға бөлу мәселесін талдауды тапсырды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жекелеген моноқалалар халқының қысқаруын тоқтату мүмкін емес деп санайды.