Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан құс фабрикалары өнімдерінің қауіпсіздігі туралы мәлімдеді

Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандық құс фабрикаларының өнімдерін қорықпай тамаққа пайдалануға болатындығына сендірді.

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева барлық шаруашылықтар мен олардың өндірген өнімдері мұқият тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

«Патогенді құс тұмауына байланысты өлім-жітім жағдайлары тіркелмеген қазақстандық құс фабрикаларының өнімдері қауіпсіз екеніне тағы да сендіргім келеді. Ветеринарлық қызмет құс шаруашылығы өнімін — құс етін, жұмыртқаны өткізу үшін жіберу кезінде қажетті ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүргізеді, ветеринариялық дәрігер осы өнімнің қауіпсіздігін растайтын ветеринариялық анықтамаларды рәсімдейді және аталған өнімді сатуға рұқсат етіледі», — деді Исаева бейсенбі күні өткен брифингте.

Сонымен қатар, ол құс тұмауы Қазақстанның екі құс фабрикасында ғана тіркелгенін еске салды.

Добавить комментарий