Ауыл шаруашылығы министрі астық тапшылығы жайлы жарияланымдарды дүрлікпе туғызу деп атады

Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі жаңа министр Ербол Қарашөкеевтің басшылығымен астық тапшылығына қатысты жарияланымдарға түсініктеме берді.

«Қазақстандық жекелеген БАҚ-тар астық нарығындағы ахуал төңірегінде жасанды дүрлікпе туғызу мақсатын көздеп отырған сыңайлы», — делінген бейсенбі күні ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында жарияланған хабарламада.

Ведомство «қазақстандық медиа-порталдардың бірінің мақаласында көрсетілген нақтыланбаған мәліметтерге, сондай-ақ қате және арандатушылық тұжырымдарға байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандық астық пен ұнды Ауғанстанға өткізу саласындағы өзекті жағдайға қатысты ресми ақпаратты жариялайды» деп мәлімдеді, одан әрі жеткізілімдер туралы деректерді келтірді.

«Аталған мақалада астық нарығында жасанды дүрлікпе жасау мақсатында нақты жағдайды бұрмалайтын іс-әрекеттер, сондай-ақ бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары: нан, ұн, ет және жұмыртқа бағасының өсуіне қатысты алаңдаушылық туралы спекуляциялау байқалатынын атап өткіміз келеді», — дейді АШМ.

Қарашөкеев 10 тамызда — Сапархан Омаров құрғақшылық салдарынан малдар жаппай қырылған соң отставкаға кеткеннен кейін, министрдің міндетін атқарушы болды. Қарашүкеев МА лауазымындағы алғашқы іс-қимылдарының бірі — БАҚ беттерінде жұмысын қалай жариялайтынына көп көңіл бөлді.

Добавить комментарий