«Ауыл» партиясында әлеуметтік төлемдер деңгейі сынға алынды

«Ауыл» саяси партиясының мүшелері бала туғанда және оны күтіп-бағу кезінде орын алатын әлеуметтік төлемдердің деңгейін талқылауға шығарып, сынға алды.

Көбінесе, партия мүшелерінің пікірінше, адамдар әртүрлі әлеуметтік төлемдер туралы шатастырады, бұл халық арасында наразылық тудырады. Партия мүшелері бұл сұрақтарды дөңгелек үстел барысында ғана емес, екі министрліктің — қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшылығына жолдады.

Отырысқа қатысушылары әлеуметтік қолдаудың бірыңғай стандартын айқындауын ұсынды. Ол бала туған сәттен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңді қамтуға тиіс. Сондай-ақ төлемдердің көлемі және оларды алушылар санаттарының тізімі ұлғаюы тиіс.

Әли Бектаев, «Ауыл» ХДПП төрағасы:

«Барлық әлеуметтік төлемдерді біріктіруге болатын бірыңғай әлеуметтік қор құру қажет. Сонда не артық, не жетіспейтіні көрінеді. Бұл ішкі резервтен қосымша қаражат табуға болар еді. Бұл — бірінші. Екіншісі — бізде мақсатты жұмсалмайтын қаражат. Жергілікті жерлердегі көптеген мемлекеттік органдардың қаражаты көп, оларды ретке келтіру керек».

Добавить комментарий