Аустрияда науқастың қайтыс болуына байланысты AstraZeneca-мен вакциналау тоқтатылды

Аустрия науқастарға коронавирусқа қарсы вакцина салу үшін AstraZeneca препаратын пайдалануды тоқтатты. Аталған препаратты салдырған әйелдердің бірі қайтыс болғаннан кейін осындай шешім қабылданды, ал екіншісі ауырып қалды.

Бұл туралы Аустрияның денсаулық сақтау саласындағы қауіпсіздік жөніндегі федералдық ведомствосының (BASG) мәлімдемесінде айтылған.

Ведомствоның баспасөз хабарламасына сәйкес, коронавирусқа қарсы екпе салдырған 49 жастағы әйел қан ұюының бұзылуынан көз жұмған. Ал вакциналанған екінші 35 жастағы әйелде өкпе артериясының тромбоэмболиясы дамыды, қазіргі уақытта ол жақсалып келеді.

Екі әйел де Цветлдегі (Төменгі Аустрия федералды жері) клиникада бірдей препаратты салдырған.

«Қазіргі уақытта вакцинацияға қатысты себеп-салдарлық байланыстың ешқандай дәлелі жоқ», — деп баса айтты ведомствода өкілдері, тромботикалық бұзылулар AstraZeneca вакцинасының белгілі жанама әсерлерінің қатарына кірмейтінін көрсете отырып.

Хабарламаға сәйкес, тергеу «толық қарқынмен» жүргізілуде. Ведомство екпе салдырғандардың денсаулық жағдайының нашарлауы мен вакцинация арасындағы байланысты жоққа шығаруға сенімді. Екі әйелді вакциналау үшін қолданылған вакцина партиясының қалған бөлігін пайдаланбау туралы шешім «қауіпсіздік мақсатында» қабылданды.

Добавить комментарий