Аустралия билігі ҚХР-ға Ресейге қару-жарақ жеткізбеуге шақырды.
Аустралия СІМ басшысы Пенни Вонг Канберра мен Бейжің екіжақты қарым-қатынасты дамытып, өз ұлттық мүдделерін сақтай отырып, қазіргі келіспеушіліктерді шешуі тиіс екенін атап өтті
Жұма күні Нью-Делиде үлкен жиырмалық (G20) тобының сыртқы саясат ведомстволары басшыларының кездесуінің қорытындысы бойынша сөйлеген сөзінде Вонг қытайлық әріптесі Цинь Ган Украинадағы жағдайды және «басқа да маңызды тақырыптарды, оның ішінде сауда дауларын, адам құқықтарын сақтау проблемаларын және бірнеше консулдық мәселелерді» талқылағанын атап өтті. «Әлем Украина туралы сөз болғанда Қытайдың жауапкершілігі мен көшбасшылығына үміт артады және Бейжіңнің Мәскеумен тығыз қарым-қатынасын ескере отырып,… Қытайдың Ресейге қару-жарақ жеткізбейтініне сенеді. Бұл тек Аустралияның ғана емес, әлемнің барлық елдеріне үндеу», — деп атап өтті Вонг.
Сондай-ақ, Аустралия сыртқы саясат ведомствосының басшысы Канберра мен Бейжің екіжақты қарым-қатынасты дамытып, өз ұлттық мүдделерін сақтап, қазіргі келіспеушіліктерді шешуі тиіс екенін атап өтті. «Бүгінде екі елдің мүддесі үшін екіжақты саудаға кедергілер бар», — деді Вонг.
18 ақпанда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қытай «Ресейге қару-жарақ беретін болса, шара қолдатанынын» мәлімдеген.
Пентагонның баспасөз хатшысы Патрик Райдер өз кезегінде АҚШ әскерилері Қытайдың Ресейге қару-жарақ бергенін анықтамағанын, алайда оның ведомствосында Бейжіңнің мұндай әрекетке баруын жоққа шығармайтынын айтты. Ол әңгіме оқ-дәрілер мен қару-жарақ туралы екенін түсіндірді.
Кейінірек Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин Қытай билігі «Қытайдың Ресейге әскери көмек көрсетуі» тұрғысынан АҚШ-тың Ресей-Қытай қарым-қатынасына төнген қауіп-қатер мен қысымға көз жұма қарамайтынын мәлімдеді.