Ауруханалармен қатар мектептер де жекеменшікке өтеді

Қазақстанда ауруханалармен қатар мемлекеттік мектептер де жекеменшікке өтеді.

Ведомство өкілдері атап өткендей, Жаңаөзенде екі мектеп белгілі бір мерзімге ғана сенімгерлік басқаруға беріледі.

Маңғыстау облысының әкімдігі мектептерді сенімгерлік басқаруға беруге наразы болған Жаңаөзен қаласының мұғалімдеріне жауап берді.

Жаңаөзен қаласында №2 және №6 орта мектептердің ұстаздары Мемлекет басшысына бейнеүндеу жолдады, олар оқу орындарын жекеменшік басқаруға берілуіне қарсы.

«Егер мектептеріміз жекеменшік басқаруға берілетін болса, онда жалақы азайып, жұмысшыларды қысқарту басталады. Сондай-ақ, ата-аналарға қиындық тудырады: оқу ақылы болады. Біз ҚР Конституциясына сәйкес жұмыс істеп келеміз, сыныптарды өзіміз жаңартып, жаңа құрал-жабдықтарды өзіміз сатып алдық. Біз жекеменшік сенімгерлік басқаруға жалпы қарсымыз», — делінген бейнеүндеуде.

Білім басқармасы хабарлағандай, мектептер мемлекетке тиесілі. Олар сенiмгерлiк басқаруға белгiлi бiр мерзiмге ғана беріледi.

«МЖӘ тетігі арқылы сенімгерлік басқаруға берген кезде жекеменшік әріптеске қойылатын негізгі талаптар мынадай: мұғалімдердің біліктілігін арттыру арқылы білім беру сапасын арттыру; күрделі және жеңіл жөндеуді талап ететін ғимараттарға қысқа мерзімде жөндеу жұмыстарын жүргізу; білім беру саласындағы заманауи технологияларды пайдалана отырып, қазіргі талаптарға сәйкес келетін сапалы білім беру процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету», — деді басқарма басшысы Светлана Төлебаева.

Инвесторлар мектептерді жөндеу мен қайта жаңартуға өз қаражатын салады. Бұл ақшаны мемлекет өтейді.

Добавить комментарий