Аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды.
Аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды.
Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасары ұсталды, деп хабарлайды өңірлік БАҚ.
«Қарағандыда аудан әкімнің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды. Әңгіме Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасары туралы болып отыр», — делінген жұма күні таратылған хабарламада.
Бұл туралы брифингте Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев мәлім етті. Оның айтуынша, пара сомасы 1 млн теңгені құрады.