Қазақстанда Скандинавия аудандарынан келген циклон әсері етуде. Ел аумағының басым бөлігі оның ықпалында.
Көптеген өңірлерде жауын-шашын жауады (жаңбыр, қар), жел күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ
күтіледі.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ күтіледі, желдің күшеюі 15-20, екпіні 25 м/с, Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болады, — делінген «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК хабарламасында.
Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола, Қарағанды облыстарында жаяу бұрқасын болады.
Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан, таңертең және күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі, Батыс Қазақстан облысында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматыдағы ауа райы болжамы: күндіз 7°С, бұлтты, жаңбыр жауады.
Нұр-Сұлтандағы ауа райы болжамы күндіз 0°С, бұлтты болады.