Синоптиктер алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынады деп отыр.
Синоптиктердің айтуынша, еліміздің батысында жаңбыр жауады, солтүстік-батысында қар жауады, жел күшейеді және көктайғақ болады.
«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2022 жылғы 19-21 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Алдағы үш тәулікте ауқымды антициклон Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Оның артынан республиканың батысына қарай, солтүстік-батыс циклонның шұңқыры жылжи бастайды, ол өзімен бірге: 19-21 ақпан аралығында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, 20-21 ақпан аралығында солтүстік-батысқа, 21 ақпанда елдің солтүстігіне — қар, желдің күшеюін және көктайғақ құбылыстарын алып келеді. Еліміздің барлық аумағында температуралық фон жоғарылайды деп күтілуде, — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Термометрлер бағандары келесідей температураны көрсетеді.
Батыста түнде -5…+5 дейін, күндіз +2…+13 дейін.
Солтүстікте, солтүстік-батыста түнде -5…-16 дейін, күндіз -8…+ 2 дейін.
Орталықта, шығыста түнде -8…-17, күндіз -1…-10.
Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде -5…+5, күндіз + 5…+13 дейін.