
Ауғанстаннан Орталық Азия елдеріне есірткі тасымалы екі есеге өсті. Сондай-ақ, халықаралық лаңкестердің өңірге босқын ретінде кіру қаупі жоғары..
Бұл туралы РФ ФҚҚ Шекара қызметі басшысы айтты.
2021 жылы Ауғанстаннан Орталық Азия елдеріне есірткі тасымалының көлемі екі есеге өсті, деп хабарлайды РИА Новости «Российскую газетаға» сілтеме жасап, оған ФҚҚ директорының бірінші орынбасары, РФ Шекара қызметінің басшысы Владимир Кулишов сұхбат берген болатын.
Ол Ауғанстандағы жағдай шиеленісті күйде екенін атап өтті.
«Саяси және экономикалық себептерден бөлек, оның дамуына мемлекеттегі өз ұстанымдарын нығайтуға ұмтылып жатқан, оның ішінде қазіргі билікке қарсы халықаралық лаңкестік ұйымдардың әртүрлі топтары айтарлықтай әсер етті», — деді Кулишов.
Оның айтуынша, Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарыс есірткі өндірісі мен контрабандасына маманданған қылмыстық топтардың қызметін жандандыруға ықпал етеді, сондай-ақ халықаралық лаңкестердің Орталық Азия өңіріндегі республикаларға және Ресейге босқын ретінде кіру қаупін тудырады.
«2021 жылы Ауғанстаннан ОА елдеріне тасымалданатын есірткі көлемі екі есеге өсті. Тәжікстанда 2020 жылы заңсыз айналымнан 3,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді, 2020 жылы 1,7 тонна болған», — деп атап өтті генерал.
Оның айтуынша, ресейлік шекарашылар тәжікстандық, қырғызстандық және қазақстандық серіктестерімен тығыз қарым-қатынас орнатып, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске бағытталған бірлескен алдын алу және жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыруда.