Ауғанстандағы жаңа үкіметтің құрамында әйелдер жоқ

Ауғанстанда билікке келген «Талибан» қозғалысының (ҚР-да тыйым салынған) ресми өкілі Забихулла Муджахид жаңа үкімет құрамында әйел-министрлер болмайтынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, «әйелдер министрліктерде, полицияда немесе сот жүйесінде көмекші болып жұмыс істей алады». Үкімет қашан құрылады деген туралы сұраққа Муджахид тәліптер «ұлттық бірлік үкіметін тез арада құрады» деп жауап берді.

Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, Ауғанстанның жаңа үкіметінің құрамына елдің бұрынғы әкімшілігінің өкілдері кірмейді. Тәліптер 3 қыркүйекте министрлер кабинетінің құрамы бойынша шешім қабылдайды деп күтілуде.

Добавить комментарий