Бүгін Кабулда Дехмазанг ауданында орналасқан шекара полициясы ғимаратының маңында белгісіз біреу автокөлікке граната лақтырды. Көліктің тәліптерге тиесілі екендігі хабарланды.
Ашық ақпара көздерінен алынған мәліметтерге сәйкес, жарылыс шекара полициясы штабының алдында болған.
Тәліптер тағайындаған ауған ІІМ баспасөз хатшысы Кари Саид Хости аталған жайтты растап, «Ауғанстан Ислам әмірлігінің» (радикалдар жариялаған мемлекет атауын) екі содыры жарақат алғанын хабарлады.
- Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым