Кабулда бір топ әйел қыздардың білім алуына тыйым салғанына байланысты наразылығын білдіру үшін мектептің алдына жиналды.
Бұл туралы сейсенбі күні Aamaj News агенттігі хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, мектеп алдына жиналғандар Ауғанстандағы билікті басып алған «Талибан» қозғалысының (ҚР-да тыйым салынған) қыздардың білім алуына қатысты шешімін сынға алды. Наразылық білдірушілер тәліптерді «ауғанстандық БАҚ-та әйелдердің рөлін шектеп жатыр» деп айыптады. «Біз үнсіз қарап отыра алмаймыз», — деп келтіреді агенттік наразылық акциясына қатысушылардың бірінің сөзін.
Жаздың соңында Ауғанстандағы билікті басып алған «Талибан» радикалды қозғалысы білім беру процесін уақытша тоқтатты. 19 қыркүйекте еркек оқытушылар ұлдарды оқытуды қайта бастады. Радикалдар қыздарды мектептерге кейінірек — сыныптар мен мұғалімдерді бөлу бойынша дайындық жұмыстары аяқталғанда жіберуге уәде берді.
Тәліптер БАҚ жұмысына жаңа ереже белгілеп, тележүргізуші әйелдерге хиджаб киюге міндеттеді. Қозғалыс өкілдері «актрисалар түсірілген драмалық фильмдер мен хабарларды көрсетуге тыйым салу» қажет екенін, ауған қоғамында «әдеп нормаларына сай келмейтін» жергілікті және шетелдік фильмдерді көрсетуге қарсы болды.