Ауғанстан: тәліптер елді басқару үшін кеңес құрды

«Талибан» қозғалысының көшбасшылары Ауғанстанды басқарудың қандай жүйесі қолданылатынын мәлімдеді.

Бұл туралы Foreign Policy басылымы ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, тәліптер 12 адамнан тұратын кеңес құрады. Оған содырлардың саяси кеңсесінің жетекшісі Абдул Ғани Барадар, қозғалыстың негізін қалаушы молда Мохаммад Омардың ұлы Мохаммад Якуб, сондай-ақ «Хаккани желісі» террористік тобының жоғары лауазымды мүшесі Халил әл-Рахман Хаккани кіреді.

Барадар мен Якубқа жақын дереккөздің айтуынша, кеңеске 20 жыл бұрын террористер өлтірген тәліптерге қарсы «Солтүстік альянстың» жетекшісі Ахмад Шах Масудтың ұлы Ахмад Масудты қоспақ болған. Алайда Панджшерде тәліптерге қарсы соғыс ашқан Ахмад Масудтың кеңеске қосылуы екіталай.

Басылымның ақпарат көздері мәліметінше, бұрынғы әкімшіліктің кейбір мүшелеріне министрліктен орын беріледі.

Бүгінде ел толығымен талибандардың бақылауында. Тек Панджшер провинциясында ғана содырлардың билігі орнамады. «Талибан» қарулы оппозицияға бейбіт жолмен берілуді ұсынды, алайда олар бас тартты. Содырлардың жасақтары провинцияға қарай бет алды, басып алу операциясын бастауға дайын.

15 тамызда «Талибан» радикалды қозғалысы Ауғанстанның бүкіл аумағына бақылау орнатқанын жариялады.

Добавить комментарий