Атыс шығарған адамның кесірінен жәбірленуші аяғынан айырылды

Полицейлер Алматы облысының ауылдарының бірінде қарт адамның аяғына оқ атқан қылмыскерді ұстады. Оқ жарақатын алған ер адам аяғынан айырылды.

Күдікті Алматы облысы Шалқар ауылында оқиға орнынан жалтарып кеткен соң, оған іздеу жарияланды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі оның жеке басы анықталғанын хабарлады. Күдіктіні полиция қызметкерлері құрықтады.

25 сәуірде түнде Қарасай ауданы Шалқар ауылындағы үйлердің бірінде мылтық атылғаны белгілі. Атыс шығарған адам жүріп жүрген қызын іздеген жас жігіт болып шықты. Нәтижесінде, үй тұрғындарының бірі, 62 жастағы ер адам оқ жарақатын алды.

Кейін белгілі болғандай, ауыр жарақатпен түскен зейнеткердің аяғы ампутацияланды.

Оқ атқан адам қашып кетіп, оған іздеу жарияланды. Аталған факті СДТБТ-де тіркеліп, ҚР ҚК 24-бабы, 99-бабының 1-бөлігі «адам өлтіруге оқталу»бойынша тергеліп жатыр.

«31 мамыр күні кешке іздеуде болған Қаскелең қаласының 29 жастағы тұрғыны Тұрар ауылында ұсталды. Қамауға алынған адам мас күйінде қылмыс жасағанын түсіндірді. Мылтықты су қоймаларының біріне лақтырып жіберген, содан кейін әр жерде бой тасалап жүрген. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды», — деп хабарлады полициядағылар.

Добавить комментарий