Атырауда полиция қызметкерлері «плацкарт» автобусты анықтады.Жолаушылар орындықтарының орнына көлік құралының салонына жолаушылар жатып баратын екі қабатты кереуеттер орнатылған.
4 желтоқсан күні «Vanffool» маркалы автобусты «Береке» шағын ауданында құжаттарды тексеру үшін тоқтатылды. ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, салонды тексеру кезінде жүргізушілердің өз автобусын дөңгелекті қонақ үйге жабдықталғаны анықталды.
Жолаушылар креслосының орнына салонға 28 екі қабатты кереует орнатылды, онда 17 жолаушы жатқан. Автобуста Оңтүстік Қазақстан облысының екі жүргізушісі де болған. Олардың айтуынша, автобус Шымкент қаласына бет алған.
Жүргізушілердің біріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы («Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу»), ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы («Жолаушыларды, багажды және жүкті тасымалдау қағидаларын бұзу») және ҚР ӘҚБтК-нің 572-бабы («Жүргізушінің еңбек және демалыс режимін бұзу») бойынша хаттамалар толтырылды. Автобус арнайы тұраққа қойылды.