Атырауда таршылықтан шаршаған жарымжан жан көпірден секірмек болды


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/08/speech-37268-1661450927-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Атырауда  ер адам отбасын асырау үшін ақша таба алмағандықтан көпірден секірмек болған.

Атыраулық полиция қызметкері көпірден секірмек болған мүгедек жігітті құтқарып қалды.

Оқиғаның егжей-тегжейі.

25 тамыз түнгі сағат 01:30 шамасында 102 арнасына Жұмыскер-Балықшы көпірінің үстінде белгісіз ер адамның суға секірмекші болып жатқандығы жөнінде хабарлама түскен.

Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полиция батальонының взвод командирі полиция аға лейтенанты Асланбек Ғарифуллин дереу өз-өзіне қол жұмсамақ ниетте тұрған 1987 ж.т., қала тұрғынымен профилактикалық келіссөз жүргізген.

Аталған азамат тәртіп сақшысына өзінің екінші топ мүгедек екенін, отбасына ақша жеткізе алмағандықтан көпірден секірмекші болғанын айтқан. Әңгімелесу сәтті аяқталып, қала тұрғыны өз райынан қайтқан.

Медициналық сараптаманың қорытындысымен 35 жастағы азаматтың жеңіл дәрежелі масаң күйде екендігі анықталып, №1 қалалық полиция бөлімінің жедел-тергеу бөліміне тапсырылды.

Добавить комментарий