Атырауда мыңдаған литр заңсыз алкоголь өнімдері тәркіленді

Атыраулық полицейлер 3,5 мың литр заңсыз алкоголь өнімдерін тәркілегенін хабарлады.

Оқиғаның егжей-тегжейі. Атырау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Жылыой ауданы Құлсары қаласында орналасқан қоймалардың бірінен алкогольдік спирттік өнімдерін заңсыз сақтаған тұлғаны анықтаған.

Қала аумағындағы қойманы тексеру кезінде 3,194 литрды құрайтын 6600-ден астам шыны бөтелкеге құйылған жалпы құны 7 млн теңгеге жуық арақ өнімдері табылды.

Аталған қылмысқа қатысты 1972 жылғы күдікті анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 233-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Добавить комментарий