Атырауда модульді жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы жалғасуда

Атырау облысының әкімдігінде COVID-19 індетінің екінші толқынына дайындық шаралары жүргізілуде. Пандемиямен күресудің маңызды шараларының бірі Үкіметтің тапсырмасы бойынша басталған модульді жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы болып табылады.

200 төсек-орындық медициналық мекеменің құрылысын «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В». компаниясы жүргізеді, ол мердігер ретінде «BI Industrial» ЖШС тартты.

Жаңа аурухана жылдам салынатын құрылыс технологиясы бойынша модульді блоктардан тұрғызылады. Бұдан басқа, ғимарат науқастарды диагностикалау, емдеу, медициналық қызметкерлер мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заманауи жабдықтармен жабдықталады. Медициналық мекемеде 56 екі орындық палата, 16 үш орындық, 6 бір орындық және 7 екі орындық бокс қарастырылған. Бұдан басқа, қарқынды терапия бөлімінде 20 төсек-орын және қабылдау-диагностикалық бөлімде 5 бокс бар.

Медициналық блокта әкімшілік үй-жайлар, зертхана үй-жайлары, компьютерлік томография және рентген, бронхоскопиялық жабдық, УДЗ және электрокардиограф орналасады. Жаңа ауруханада жергілікті медициналық кадрлар қайта даярлаудан өтеді. Тамыз айында басталған құрылысты қазан айында аяқтау жоспарланған. Айта кету керек, жаңа аурухана инфекциялық бақылаудың барлық стандарттарына сай болады. Еске салайық, Құлсарыда 275 төсектік аудандық орталық аурухананың құрылысы жалғасуда.

Добавить комментарий