Атырауда қолайсыз ауа райына байланысты электр энергиясын апатты сөндіру орын алып отырғаны хабарланды.
Атырауда екпінді жел соғуына байланысты электр қуатын апатты өшіру орын алып отыр.
«6/10 кВ әуе электр желісінің бойындағы жалғанып тұрған жеке заңды тұлғалар теңгеріміндегі кешенді трансформаторлық стансалардың іштеріне қар кіру, оқшаулағыштардың жануы,6/10 кВ сақтандырғыштардың жануы орын алып отыр», — деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
“ Атырау Жарық” АҚ — ы қалалық электр жүйелерінің 15 жөндеу бригадасы және 5 жедел бригадасы, гидравликалық көтергіш 2 дана, жер бұрғылау 2 дана, аталған тұтынушы теңгеріміндегі кешенді трансформаторлық стансасының кезек кезегімен тазалау, жөндеу жұмыстары атқарылуда.
7-8 ақпанда Атырау облысында мектеп оқушылары мен колледж студенттері онлайн форматта оқиды.