Атырау: Жұмысшы кранға ілініп, шырша безендірген

Атырауда шыршаны безендіру үшін кобра орнына автокран пайдаланылды. Жұмысшыны кранға іліп, ойыншықтармен безендіру үшін көтерген.

Қалалық әкімдік қауіпсіздік техникасын бұзған «Спецавтобаз» қызметкерлеріне қатаң шаралар қабылднанатынын мәлімдеді.

Б жайтқа қатысты қалалық әкімдік түсінік берді. Олар қаланы жаңажылдық безендіруге тартылған техникалар бөлінгенін, бірақ «Спецавтобаза» ЖШС жүргізушісі құрылғыны елемегенін хабарлады.

«Жұмыс барысында жұмысшы қауіпсіздік белбеуін ғана қолданды. Қауіпсіздік ережелерін сақтамауы жұмыстан шығарылуға әкеп соғады. Қазіргі уақытта компанияның қауіпсіздік техникасы қызметімен тиісті жұмыстар жүргізілуде, қолданыстағы заңнама шеңберінде қатаң шаралар қабылданатын болады», — деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Спецавтобаза» ЖШС-де қызметтік тергеу басталды. Компания тиісті шараларды қабылдауға уәде берді.

Фото: Атырауда жұмысшы кранға ілініп, шыршаны ойыншықтармен безендірген

Добавить комментарий