Атырау облысында ЖРВИ жұқтырғандар артып барады

Атырау облысында жіті респираторлық вирусты жұқтырғандар артып барады. Мамандар мұны тұмаудың эпидемиологиялық маусымымен байланыстырады.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлағандай, соңғы жылы аймақ бойынша ЖРВИ-ның 41 661 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 26 186 жағдайы — 14 жасқа дейінгі балалар, 3 210 — жүкті әйелдер.

«Жалпы облыс бойынша науқастардан алынған 489 үлгінің 65-нан тұмау қоздырғышы анықталды, олардың 37-сі — В типті тұмау вирусы және 28-інен — А типті тұмау вирусы анықталды», — делінген санитарлық дәрігерлер таратқан хабарламада.

Мамандар халықты тұмаудың алдын алып, вакцина алуға шақырады

Добавить комментарий