Тек 2020 жылдың қаңтар-шілде айларында басқа тәсілмен дайындалған немесе консервіленген балық, уылдырық және оның алмастырғыштарын өндіру 15,6 мың тоннаға жетті — бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,1 есе көп деп хабарлайды.
Барлық өндірістің (64,2%) үштен екісі Атырау облысына тиесілі: 10 мың тонна — өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 40,6 есе көп. Алдыңғы үштікке Батыс Қазақстан (2 мың тонна, плюс 11,7%) және Түркістан (1,8 мың тонна, плюс 57,1%) облыстары кірді.
Ақшалай түрде балықты, шаянтәрізділер мен моллюскілерді қайта өңдеу мен консервілеу 13,6 млрд теңгеге жетті.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы балық саласы жіті назар аударуға лайық екенін атап өтті, деп хабарлады ҚР Премьер-министрінің ресми ресурсы. 1 қарашаға дейін әкімдіктермен бірлесіп балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламалары әзірленіп, өңірлік индикаторлар шығарылады.
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қазақстандық компаниялар қайта өңделген және консервіленген балыққа, шаянтәрізділер мен моллюскілерге сұранысты (экспорт пен ішкі нарықта сату) өткен жылғы 40%-ға қарағанда 62,6%-ға қамтамасыз етті.
Осы кезеңде өндіріс өткен жылға қарағанда үш есеге жуық өсіп, 42 мың тоннаға жетті. Импорт үлесіне 37,4% тиесілі. Қазақстан осы салаға 25,1 мың тонна өнім импорттады — өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға көп.
Экспортқа ресурстардың 16,8%-ы тиесілі: 11,3 мың тонна балық — өткен жылмен салыстырғанда 19,7%-ға аз.
Тамыз айында балық пен теңіз өнімдері өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 12,4% -ға қымбаттады. Қызылорда (18%), Павлодар (16,3%) және Қарағанды (15,9%) облыстарында айтарлықтай қымбаттау байқалады.
Мұздатылған балық — 14,1%, жаңа немесе тоңазытылған балық — 13%, тұздалған және ысталған балық — 9,9% қымбаттады. Балық консервілерінің ішінде деликатестілер — 11,1%, деликатес емес консервілер — 10,5% қымбаттады.