Атырау облысының Жылыой ауданында үш мектеп пен екі аурухана салынады.
«Майкөмген ауылында 300 орындық мектеп салынады. Қазіргі уақытта Жылыой ауданының орталығы — Құлсары қаласында 300 орындық №5 орта мектеп пен 580 орындық №6 орта мектептің құрылысы жүргізілуде.
Нысандардың құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Медицина саласын жақсарту мақсатында Құлсары қаласында 75 орындық орталық аудандық аурухананың құрылысы басталды. Ал, 200 орындық модульді аурухананың құрылысы биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады», — деп хабарлады аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов Жылыой ауданы әкімінің өткен жылғы жұмысы туралы есебінде.
Сондай-ақ, ол әлеуметтік нысандар құрылысының сапасына және оларды уақытылы тапсыруға баса назар аударуды тапсырды.