Атырау облысы: газ өңдеу зауытының құрылысы жоспарлануда

Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкин Ескене ауылында жақын арада газ өңдеу зауыты ашылатынын айтты. Ол бұл мәлімдемені онлайн режимде өткен халық алдында есеп беру барысында жасады. «Ескене кентінің маңында қуаттылығы жылына 1 млрд текше метр газды кешенді дайындау зауытының құрылысын жүргізу жоспарланып оты. Жобаның құны 1 млрд 250 млн долларды құрайды.

Қашаған теңіз кен орнының газын өңдейтін нысанның құрылысымен «GPC Investment» ЖШС айналысады. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы басталып, 2023 жылы аяқталады. Құрылыс барысында шамамен 3000 адам жұмысқа орналасады, одан кейін 450 адам тұрақты жұмыспен қамтылады», — деді Мақат ауданының әкімі.

Добавить комментарий