Атырау облыстық әкімдігінің қызметі жайлы ақпарат жариялау үшін салық төлеушілердің 196 млн теңгесі жұмсалады

Атырау облысының әкімдігі өз қызметі жайлы ақпаратты жариялау үшін мердігер іздеп жатыр. Ресми деректерде жарияланған ақпаратқа сәйкес, осы мақсатқа 196 млн теңге бөлінеді.

«Тапсырыс беруші — «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі; атауы – қпараттық материалдарды дайындау және басып шығару бойынша/бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру бойынша қызмет көрсетулер; қосымша сипаттамасы – ақпараттық материалдарды және басылымдарды дайындау/ақпарат жүйелеріне шығару бойынша қызметтер; жоспарлы сомасы — T196 428 571,43″, — делінген мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған лоттың сипаттамасында.

Конкурсқа қатысуға өтінім қабылдау басталды, 8 қазанда аяқталады.

«Жергілікті халыққа ақпарат таратушының екі облыстық және жеті аудандық кәсіби редакциясы болуы керек», — делінген конкурстың техникалық ерекшелігінде.

Естеріңізге сала кетейік, 8 ақпанда ҚазТАГ Атырау облысының әкімдігі «ақпараттық материалдарды дайындау және БАҚ-қа жариялау/орналастыру бойынша» қызметтерді мемлекеттік сатып алуға төрт лот орналастырғанын хабарлаған. «ҚР-ның екі қаласы мен бес облысының әкімдіктері БАҚ-та мемақапараттық саясат туралы ақпарат таратуға T3 млрд жұмсамақ».

Добавить комментарий