Қазақстандықтар екпе салдырудан басын ала қашуда. Ел билігі ешқандай түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқан жоқ. БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде вакцинация жайлы жағымсыз ақпарат толып жатыр. Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы жаппай түсіндіру жұмыстары жүргізілмегендіктен екпе салдыруға деген қорқыныш сейілмеуде.
Адамдар елімізде ерікті және мәжбүрлі түрде жүргізіліп жатқан екпені салдырмау үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынына қарамастан, 100 мың теңге төлеп жалған екпе төлқұжатын сатып алуға дайын.
Осылайша, Атырау қалалық емханаларының бірінің қызметкерлері жалған вакцинация төлқұжатын жасаумен айналысқан, медбикелер вакцинаның әр дозасы үшін 50 мың теңге алған.
Қазіргі таңда ҚР ҚК-ның 206-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері жалған вакцинация төлқұжатын алған адамдардың саны мен жеке басын анықтауда, — деп хабарлады ведомстводағылар.