Атырау: мас әйелдер мейрамхананың алдында төбелес шығарды

Атырауда мейрамхана ғимаратының алдында алкогольдік ішімдікке сылқия тойып алған әйелдер арасында төбелес болды.

Төбелеске қатысқандардың барлығы мас күйінде болды. Төбелес 23 қаңтар күні сағат 03:29-те Vivaldi ресто-бардың алдында болған.

Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Әйелдер Vivaldi барының ішінде спирттік ішімдіктер ішіп, жеңіл алкогольдік мас күйінде болғаны анықталды, — деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі. — ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды».

Бұдан бөлек, Атырау облысының бас санитарлық дәрігерінің бұйрығына қарамастан жұмыс істеген Vivaldi мейрамханасының иесіне қатысты шешім қабылдау үшін Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығына хаттама жіберілді.

Добавить комментарий