Атырау: Күдікті ер адам әйелінің туысын аңдыған

Атырауда әйелінің туысының үйіне жасырын камера орнатқан ер адам ұсталды. Оқиғаның мән-жайы хабарланбады.

«17 қазанда 36 жастағы қала тұрғыны тәртіп сақшыларына хабарласқан. Оның жуынатын бөлмесіне белгісіз біреу жасырын камера орнатқан. Күдікті әйелдің күйеу баласы болып шықты. Ол ауданнан қаладағы әпкесіне жиі баратын әйелін қызғанып, жуынатын бөлмеге жасырын камера орнатқан. Сондай-ақ, оны қалта қуаттағышына қосып қойған», — деп хабарлады Атырау полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адам өз кінәсін мойындады. Оған қатысты жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзғаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

Добавить комментарий