Атырау облысында облыстық жедел жәрдем станциясы үшін 22 жабдықталған автокөлік сатып алынды. Көліктердің кілтін дәрігерлерге облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов жеке тапсырды.
«Қала күні қарсаңында тағы бір қуанышты жаңалықпен бөліскіміз келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өңірге 22 жедел жәрдем көлігі келді. Коронавируспен күресте біз дәрігерлеріміздің қажыр-қайраты мен еселі еңбегін өте жоғары бағалаймыз. Пандемияның бірінші кезеңінде біз өте үлкен сабақ алдық. Бүгінгі таңда біз өткен кемшіліктерді ескере отырып, екінші толқынға дайындалып жатырмыз. Облыста дәрілік заттар мен жабдықтардың жеткілікті. Дәрігерлер үлкен тәжірибе жинақтады. Үкіметтің қолдауымен денсаулық сақтау саласында көмек көрсету жалғасады. Ағымдағы жылдың қараша айында облысқа тағы 18 жедел медициналық жәрдем автокөлігі жеткізіледі. Әлемдік пандемия ұлт денсаулығын сақтауды маңызды етті. Сондықтан, біздің басты — мақсатымыз денсаулық саласын дамыту»- денсаулық сақтау саласын дамыту. Құрметті медицина қызметкерлері, сіздерді жедел көмек көрсетуге мүмкіндік беретін жедел жәрдем автопаркінің толықтырылуымен құттықтаймын», — деді Махамбет Досмұхамбетов жедел медициналық жәрдем көліктерінің кілттерін тапсыру рәсімінде.
Келер жылы республикалық бюджет есебінен денсаулық сақтау нысандарын қосымша 60 автокөлікпен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Жаңа автокөліктер пациенттерге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Айта кетейік, жедел жәрдем көліктерін Денсаулық сақтау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті санитарлық көлікті жаңарту бойынша жол картасын орындау аясында салды.