Атырау: Қалалық мәслихаттың сессиясы алғаш рет онлайн режимде өтті

Мәслихаттың Атыраудағы сессиясы онлайн режимде, ашық форматта өткізілгендігінің арқасында қала тұрғындары мен барлық ниет білдірушілер отырысқа тікелей эфирде шығарылған мәселелерді талқылауды тыңдай алды.

Эфир Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында қалалық әкімдіктің парақшасында көрсетілді.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың қатысуымен өткен кеңесте экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған «Жол картасы» жан-жақты талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, қаладағы атмосфералық ауа сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін «Жол картасы» туралы Атырау облысы бойынша Экология департаменті басшысы орынбасары Сырым Тілегенов, Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қадыржан Арыстан облыс көлемінде «жасыл белдеу» құру, табиғи қорықтар құру, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау кешендерін салу туралы баяндады.

Добавить комментарий