Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР Үкіметі туралы» Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңына қол қойды.
Заң жауапты хатшылар институтын жоюды және олардың міндеттерін министрліктер аппараттарының басшыларына жүктеуді көздейді. Бұл мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын қамтамасыз етуге, бірінші басшылардың жауапкершілігін арттыруға және мемлекеттік органдардың жұмысындағы кадрлық сабақтастықты сақтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ҚР Президенті бүгін бірқатар заңдарға қол қойды: «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің және Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қажеттіліктеріне Астана қаласында және Әбу Даби қаласында жер учаскелерін өтеусіз пайдалануға өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы».