Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторийді 2021 жылға дейін ұзартты

28 декабря 07:57 / Опубликовано в Саясат

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы” жарлыққа өзгерістер енгізіп, мораторийді 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартты. Бұл туралы дүйсенбі күні Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

“2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін”, – делінген жарлықта.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 3 шілдесінде Тоқаев мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқарту және жеке секторды дамытуға жағдай жасау мақсатында 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Қазақстанның Бюджет кодексі бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілері – бұл кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, холдингтер және капиталына мемлекет қатысатын компаниялар, сондай-ақ олармен үлестес заңды тұлғалар. Жарлықта көзделген норма әлеуметтік салада және (немесе) елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты болмайды; жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру (біріктіру немесе қайта құру) арқылы оларды оңтайландыру шеңберінде құрылатын заңды тұлғаларға; жарғылық капиталында дауыс беретін акцияларының елу жəне одан да аз проценті (қатысу үлесі) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі болатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер); Қазақстан Президентінің тапсырмасы және (немесе) келісімі бойынша құрылатын заңды тұлғалардан тұрады.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: жарлық, квазимемлекеттік сектор, мораторий, Қазақстан, Қасым-Жомарт Тоқаев, қол қойды

Читать ещё

Дүниежүзілік банк Қазақстандағы билік институттарына баға берді
Праймериздің екінші кезеңінде қазіргі мәжілістің бес депутаты ең көп дауыс жинады
Сенат сайлауының ресми қорытындысы жарияланды

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Павлодарда ер адам әйелді мылтықпен атып өлтірді

    Павлодар облысы полиция департаменті Павлодарда...
  • 419 теңге: Қазақстандағы доллар бағамы

    Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясын...
  • Беларусь: Наразылық акцияларын қаржыландырған күдіктілер ұсталды

    Ашық дереккөздерден алынған мәліметтерге сәйкес...
  • Лаңкестер кибер кеңістікте белсенді жұмыс істеуде: 3-ші бөлім

    Жалғасы. Материалдың басын және 1-ші және 2-ші ...
  • Лаңкестер кибер кеңістікте белсенді жұмыс істеуде: 2-ші бөлім

    Жалғасы. Материалдың басын біздің сайтымыздан о...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: