Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қазақстан Президенті Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді. Оның барысында қару-жарақ өндіру және сатып алу, осы саладағы экспорттық бақылау мәселелері қарастырылды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың және Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың баяндамаларын тыңдады.

Отырыс соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.

Добавить комментарий