Қазақстан елордасы Астана қаласында теміржол өткелінен өтіп бара жатқан бетон араластыратын көлік тепловозға соғылды. Оқиға 18 қазанда, MAN маркалы бетон араластыратын көліктің жүргізушісі Пушкин көшесімен келе жатып, реттелмейтін теміржол өткелінен өьу кезінде 2.5 жол белгісін бұзып, тепловозбен соқтығысты.
Бақытымызға орай, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Бетон араластыратын көліктің жүргізушісіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ҚР ӘҚБтК) 610-бабы, 1-бөлігі — «Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік іс қозғалды. Аталған дерек туралы материал Астана қаласының сотына жолданды.