Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Астанада құрғақ шөп пен қамыстың өртенуінің ықтимал себептерін айтты. Парламент палаталарының бірлескен отырысында министр арнайы құрылған комиссия өрттің шығу себебін анықтауы тиіс екенін атап өтті.
«Бұл жерде көптеген факторлар бар, әлдекім шылым шеккен болуы мүмкін, лақтырған бөтелкенің оптикалық әсері туындаған оптикалық әсері немесе қасақана өрт қойған болуы мүмкін. Бәрі болуы мүмкін. Ешкім кепілдік бере алмайды», — деп мәлімдеді Сырым Шәріпханов.
Ол өртті сөндіру бір немесе екі апта уақытқа созылатынын нақтылады. Журналистер елордаға қара түтіннің таралуына не себеп болғанын сұрады.
«Бұл сыртқы факторларға, атап айтқанда, қатты желге байланысты. Қандай жел болғанын және қандай күшпен соққанын жақсы білесіз. Қатты соққан желдің салдарынан қызыл жалынды сумен сөндіру мүмкін болмады. Осыған қарамастан өрт орнында өрт сөндірушілер мен арнайы техникалардың жеткілікті саны болды», — деп толықтырды Сырым Шәріпханов.
Елордалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері екі тәулік бойы Астанада жанып жатқан құрғақ шөп пен қамысты сөндіруде. Өрт аумағы 80 гектарды жерді шарпыды.