Астанада патшайым II Елизавета атындағы саябақтың салтанатты ашылуы болады

Осы аптада Қазақстан елордасында патшайым II Елизаветаның атындағы сквердің салтанатты ашылуы жоспарланып отыр, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Саябақтың ашылуы 17-18 наурызда Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Достастық және даму істері жөніндегі сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлидің сапары аясында өтеді.

Клеверли елімізге сапары барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Премьер-министр Әлихан Смайыловпен кездеседі, сондай-ақ қазақстандық сыртқы саясат ведомствосының басшылығымен келіссөздер жүргізеді.

Айта кетейік, Астананың орталық саябағындағы аталған сквер қыркүйек айының соңында Елизавета II-нің құрметіне аталған.

Елизавета II атындағы саябақтың салтанатты ашылуы Астана тұрғындары арасында үлкен қызығушылығын тудырған.

Добавить комментарий