Астанада мешіт маңындағы «Сергек» камерасына түсіп қалған 25 жүргізуші мемлекеттік нөмірінен айырылды

City transportation systems жариялаған ақпаратқа сәйкес, «Әзірет Сұлтан мешіті» аялдамасында автобустардың тоқтауына кедергі келтіру әрекетін анықтау мақсатында CTS көліктік бақылау департаменті полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп 15 тамыздан бастап рейд өткізіп жатыр.

«Тәуелсіздік даңғылында Ахмет Байтұрсынов көшесі бағытында орналасқан аялдамада басқа көлік құралдары үшін «аялдама, тұраққа тыйым салынады» жол белгісі бар. Оны елемей, көлік құралдарының жүргізушілері жеке және қызметтік көліктерді жол бойында қалдырады. Бұл қоғамдық көліктің қозғалысын қиындатады», — делінген CTS ресми мәлімдемесінде.

Бірлескен жұмыс барысында CTS мамандары 80 көлік иесімен түсіндірме жұмыстарын жүргізді, 50 адамға әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ал 25 тәртіп бұзушыдан мемлекеттік нөмірлері тәркіленді.

CTS қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін сақтаудың және жолдағы басқа қатысушыларға сыйластық танытуға шақырды. «Сергек» камерасы Астана жолдарындағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сенімді құралға айналып отыр.

Добавить комментарий