Франция Президенті Эммануэль Макрон Қазақстанға сапармен келген күні тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясының белсенділері Астанадағы Франция елшілігіне барып, наразылығын білдірмекші болды. Наразылық шарасы туралы ақпарат 30 қазанда әлеуметтік желілерде таратылды. Алайда, сәрсенбі күні елшілік ғимаратының төңірегінде күзет күшейтіліп, акция өткізілмеді.
Астанада полицейлер «Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясын құру жөніндегі бастамашыл топтың мүшесі Әсет Әбішевті 1 қарашада ұстады. Онымен бірге белсенді Сергей Измайлов және аталған тіркелмеген партияның тағы бір жақтаушысы болған.