Астанада бір топ қалта ұрылары ұсталды

Қазақстанда бір топ қалта ұрысы ұсталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Полицияға елорданың тұрғындары автобустың ішінде қымбат ұялы телефондары ұрланғаны туралы айтып арызданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды. Олар бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған үш ер адам болып шықты.

Полицейлер ұсталған үш қалта ұрысының елордаға Павлодардан келгені анықталды. Қаскүнемдер Астанаға маршруттық автобустарда ұрлық жасау мақсатында келген. Таңертең олар қоғамдық көлікте үш ұялы телефон ұрлығын жасап, ал түстен кейін елордадан кетпек болған.

Қалта ұрылары адамдарға толы автобустарға әдейі кiрiп, жолаушылардың қалталарынан ұялы телефондарын суырып алған.

Олардың қалта ұрлығының 15 фактісіне қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды, олардың осыған ұқсас бірқатар қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Добавить комментарий