Астанада ардагерлер қосымша әлеуметтік көмек алады

Ауғанстан ардагерлеріне әлеуметтік көмектің мөлшері бес АЕК құрайды. Бұл — 18 460 теңге. Біржолғы төлем кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 35 жылдығына орайластырылып отыр.

Биыл 15 ақпанда бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Ауғанстан аумағынан әскерін шығарғанына 35 жыл толады. Астана қаласының мәслихаты Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

«Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Ауғанстан аумағынан әскерді шығаруының 35 жылдығына (2024 жылғы 15 ақпан) орай Ауғанстанда ұрыс қимылдарына қатысушылар ішінен жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген Астана қаласында тiркелген және тұрақты тұратын азаматтарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін», — делінген шешімде

Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Добавить комментарий