Астана: Жасөспірім сыра барының әкімшісі болып жұмыс істеген

Елордалық сыра барларының бірінде жасөспірім әкімші болып жұмыс істеген.

Оқиғаның егжей-тегжейі. Астана қаласы Есіл ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне А.Бөкейхан көшесіндегі үйдің тұрғынынан RoomsPub барында тыныштықты бұзып, түнгі уақытта қатты ән айтып, шулағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Полицейлер келгеннен кейін бұл факті расталды. Сонымен қатар, құжаттарды тексеру кезінде мекеме әкімшісі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім болып шықты. 17 жастағы жасөспірім Есіл ауданының полиция басқармасына жеткізіліп, әкесіне тапсырылды.

Жасөспірімнің әкесі кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде заңды өкілінсіз болғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, мекеме иесі кәмелетке толмағанның түнгі уақытта заңды өкілінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемесінде болуына жол бергені үшін, сондай-ақ тыныштықты бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 132 және 437-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 ақпанынан 10 наурызға дейін елорда аумағында “қоғамдық қауіпсіздік” ЖАШ жүргізілуде. Оның аясында тәртіп сақшылары 9 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Добавить комментарий