Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордада қоғамдық көлікте жүру ақысының өскеніне қатысты пікір білдіріп, бұл қадам экономикалық жағдайдағы өзгерістерге байланысты қабылданғанын түсіндірді. Қала басшысы халықпен кездесу барысында атап өткендей, электробуста бір жолаушыға жол жүру құны 400 теңгеден асады, қазір әкімдік әрбір сапарға 200 теңге төлеп отыр.
«Біз халықтың тегін немесе жеңілдікпен жүруге құқығы бар топтарын қолдаймыз. Бұл саланы ынталандыру және жүргізушілердің тапшылығын шешу үшін бізге ойға қонымды баға енгізуіміз қажет», — деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Қала басшысы атап өткендей, қалада автобустар саны артып келеді, қазір олардың саны 1300-ге жетті, тағы 300-ді сатып алу жоспарлануда. Жанармай бағасы мен жүргізушілердің жалақысындағы өзгерістерге байланысты әкім тарифтерді 110 теңгеге дейін арттыруды ұсынып отыр, оның пікірінше, мұны бірнеше жыл бұрын өсіру керек болған.
Қаладағы қоғамдық көліктерде жолақысы картамен 90 теңге және қолма-қол ақшамен 180 теңгені құрайды. Тарифтерді сәйкесінше 110 теңге мен 250 теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр.